USD495.2EUR522.34RUB4.94

Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты

20 желтоқсан 2019, 17:31
10 желтоқсан Дүниежүзілік футбол күні. Атаулы күннің құрметіне Қазақстан футболының мұражайында жаңа экспонаттардың таныстырылым өтті.
Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты

Бүгінде  мұражай  2002 жылғы "Елімай" командасының қолтаңбалары бар доппен, атақты "Қайрат" ойыншысы Тимур Сегізбаевтың аты жазылған футболкасы сынды жаңа жәдігерлермен толықты.  КСРО спорт шебері Целиноград "Целинник" ойыншысы 7Владимир Павлюк, қазіргі балалар-жасөспірімдер футбол департаментінің маманы, 1991 жылғы "Целинник" ойыншыларының қолтаңбаларымен "Динамодан"," Жеңіске дейін" кітабын сыйға тартты.

Мұражайдың келушілері Қазақстан құрамасының құрылу тарихымен де таныса алды. Тұсаукесерде  құраманың формасы көрсетілді. Сондай-ақ, "Елімай" құрамында Қазақстанның екі дүркін чемпионы болған Константин Фриденталь құрама жейдесін сыйға тартты.

Енді қазақстандық футболдың рекордшысы Андрей Пинчуковтың аяқ киімі де  өз орнын тапты.

"Восток" стадионының бұрынғы директоры, қазіргі "Устинка+" газетінің спорт шолушысы Валерий Чернов мұражайға бағдарламалар, газет топтамасын сыйлады.

Мұражай 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен және басқа елдерден келген ондаған ұлдар мен қыздар Семей қаласындағы турнирлерге келіп, Қазақстан футболының мұражайына барады. Жалпы мұражай ашылғаннан бері оған 1 200-ден астам қабылдаған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar