USD466.44EUR487.71RUB8.56

ШҚО-да тағы да жүк пойызы рельстен шығып кетті

23 маусым 2022, 12:04
– Шығыс Қазақстан облысында тағы да жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО-да тағы да жүк пойызы рельстен шығып кетті

ШҚО Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 22 маусымда Серебрянск қаласының маңында болған. «Көкжиек-Күмістау теміржол учаскесінің 95-ші шақырымында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - делінген ақпаратта. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта учаскеде қозғалысты қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, биыл сәуір айында ШҚО-да жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кеткен болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar