
«ӨскеменСпецКоммунтранс» ЖШС мердігер ұйымы жолды тегістеу, арматура мен жабынның негізгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізді. Барлық жұмыстар 2023 жылдың тамыз айында аяқталды.
Сондай-ақ, ауылда «ВостокЛесИндустрия» ЖШС бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 20*40 көлеміндегі шағын футбол алаңы орнатылды.
Анықтама үшін: Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылы 1159 адам тұратын Дмитриевка ауылдық округінің орталығы болып табылады. Ауыл арқылы республикалық маңызы бар «РФ шекарасы - Семей» тас жолы өтетіндіктен, оның стратегиялық маңызы зор. Дмитриевка ауылдық округі дамыған инфрақұрылымдық кешенге ие, онда орталық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жұмыс істейді.