
Алдағы уақытта халық жағдайын жақсарту, өлкенің инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірнеше жоба іске асырылмақ. Мәселен, ауданда заман талабына сай 9 медициналық нысан бой көтереді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында Үштөбе, Екпін ауылынан дәрігерлік амбулатория, Кіндіктіден фельдшерлік-акушерлік пункт, Мүрсәлім, Қызылжұлдыз, Көктүбек, Ескісұлутар, Айнабастау, Ақжал елді мекендерінде медициналық пункт салыну жоспаланып отыр. Қазіргі таңда елді мекендерде салынатын емдеу мекемелерінің жері белгіленіп, топырақ сынамасы алынуда.