USD449.3EUR489.69RUB4.89

ЖЕТІЖАР АУЫЛЫНДА 670 МЛН. ТЕҢГЕГЕ ЖАҢА СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛУДА

22 мамыр 2023, 17:32
Аудан әкімі тұрғындармен кездесуін Жетіжар ауылдық округіне қарасты, Грачи, Лесной, Жетіжар, Кривинка ауылдарында жалғастырды.
ЖЕТІЖАР АУЫЛЫНДА 670 МЛН. ТЕҢГЕГЕ ЖАҢА СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛУДА

Елдімекен тұрғындары тарапынан жер, су, жол, мемлекет тарапынан берілетін көмектер бойынша сұрақтар қойылды. Көтерілген мәселелер ұқсас болғанымен, әр тұрғынды жеке тыңдау - маңызды. Бұл әрі  мәселені бірінші  көзден білуге, әрі атқарылған және алдағы жоспарды баяндауға үлкен мүмкіншілік береді. Кездесу барысында тұрғындармен  ашық сұхбат жүргізіліп, қойылған сұрақтарды шешу жолдары бірге талқыланды.

Сондай-ақ, аталған ауылдық округте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екі пәтерлі, екі үйдің құрлысы басталған болатын. Пәтер кезекте тұрған ауылдың тұрғындарына берілетін болады. Жалпы 1928 жылы құрылыған  Бесқарағай ауданының тарихына үңілсек 1932 – 1952 жылдары аудан орталығы Жетіжар (Семияр) ауылы болғанын бірі білсе, бірі білмес. Осы орайда биыл ауданымыздың 95 жылдық мерейтойы аясында ауылдық округ аумағында бірнеше жобалар жүзеге асырылып, ауқымды іс-шаралар өтетін болады. 95- жылдық аясында жүзеге асатын жобалардың бірі ол ауыз су құбыры желісінің тартылуы. Бүгінгі таңда мердігер ұйымдар су құбыры желісін тарту жұмыстарын бастап кетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

09 қаңтар 2024, 15:47
08 қаңтар 2024, 12:20
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar