USD448.15EUR483.46RUB4.86

Саудагерлер тауарының бағасын Қытайда басқа, Қазақстанда басқа сомамен көрсетеді

08 шілде 2022, 14:35
- Кәсіпкерлер заңмен белгіленген кедендік төлемдер мен салықтан жалтаруға тырысты. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Саудагерлер тауарының бағасын Қытайда басқа, Қазақстанда басқа сомамен көрсетеді

Комитет тауарларды жөнелтуші елдің экспорттық декларацияларынан ақпаратпен өзара алмасу туралы халықаралық шарттарды жасасу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Нақты уақыт режимінде тауарлардың құнын және олардың жөнелтуші елде экспорты кезінде көрсетілген санын Қазақстанның кедендік декларацияларында қазақстандық импорттаушылар мәлімдеген мәліметтермен салыстыру тетігі іске асырылды. Бұл ретте декларанттардың тауар туралы жалған ақпарат жариялау фактілері анықталып отыр.

Мәселен, осы жылдың мамыр айында ҚХР-дан люстра импортталды. Декларант партияның құнын 11 мың доллар деп көрсетті. Алайда Қытайдың кеден қызметінен ақпарат сұратылып, олардың мәліметі бойынша экспорт кезінде бұл жүктің құны 240 мың долларды құрағаны анықталған. Осылайша, импортталған тауарлардың құны 22 есе төмендетілді, ал орындалмаған салық міндеттемелерінің сомасы 25 млн теңгені құрады. ҚХР-ның кеден қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанға экспортталатын жүктердің бірінде «Smart-теледидар» тауары жөнелтілді.

Алайда импорттаушы кедендік төлемдерді төлеуден жалтару мақсатында «телевизиялық қорап» тауарын көрсетті. Осыған орай кедендік сараптама жүргізіліп, Қытайдан келген деректер расталды. Жүргізілген жұмыстың арқасында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 15,8 миллиард теңге тауардың кедендік құнын төмендету фактілерінің жолы кесілді, сондай-ақ Қазақстандағы импорт пен Қытайдан экспорт арасындағы айырмашылық 1,4 миллиард долларға дейін төмендеді. 2017 жылы бұл көрсеткіш 6,8 миллиард доллармен 59% құраған.

Сыртқы экономикалық қызметтің кейбір қатысушылары қабылданған шешімдермен келіспейтінін атап өткен жөн. Олар мемлекеттік кірістер комитетінің жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмысының беделін түсіруге барынша тырысып, заңды түрде белгіленген төлемдерді төлеуден жалтарып бағуда. Бүгінгі таңда комитет Қытаймен, Әзірбайжанмен, Грузиямен, Украинамен, Өзбекстанмен, Иранмен, Түркіменстанмен және Түркиямен ақпарат алмасу туралы шарт жасасты.

Сондай-ақ тиісті келісім жасасу үшін Тәжікстан кеден қызметімен келіссөз жүргізіп жатыр. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Фото: data.nalog.ru

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar