USD466.44EUR487.71RUB8.56

Қазақстаннан күнбағыс майын шығаруға шектеу енгізілді

20 маусым 2022, 12:34
Ауыл шаруашылығы министрлігі күнбағыс майын елден шығаруға шектеу қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шектеу 2022 жылғы 18 маусымнан 2022 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстаннан күнбағыс майын шығаруға шектеу енгізілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "жекелеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 17 маусымдағы № 198 бұйрығымен 2022 жылғы 18 маусымнан бастап 2022 жылғы 31 тамызды қоса алғанда қолданыста болған Қазақстан Республикасының аумағынан күнбағыс майын әкетуге сандық шектеулер (квоталау) енгізілді. Күнбағыс майын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталау) бағаларды тұрақтандыру және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа байланысты нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында енгізілді. Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес күнбағыс майын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады. "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығымен енгізілген күнбағыс майын әкетуге сандық шектеулер 2021 жылғы 15 желтоқсаннан 2022 жылғы 1 маусымға дейін қолданылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar