USD449.96EUR487.67RUB4.86

Қазақстан экономикасы: бүгіні мен болашағы

06 ақпан 2023, 15:50
Қазақстанда соңғы жылдардағы экономикалық реформалар нарықтық қатыснастарға негізделген жаңа экономикалық жүйені құруға бағытталған. Тиімді және жауапты қаржылық басқару кез келген елдің тұрақты және өз азаматтарының әл ауқатын жақсарту үшін тұрақты және қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігердің негізінде жатыр. Жаһандану жағдайында әр түрлі болжанбайтын факторларға ұшыраған қаржы мониторингі қаржы менеджменті мен ұлттық және халықарадық деңгейде әмбебап қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуы мүмкін. Экономикадағы дағдарыс және қаржы жүйесінің тұрақсыздығы мемлекттік және жергілікті бюджеттердің өз миссиясын толық орындауға мүмкіндік бермейді.
Қазақстан экономикасы: бүгіні мен болашағы

Қазіргі уақытта экономикалық қарым-қатынасқа қатысушылардың өз әріптестерінің қаржылық жағдайы мен олардың іскерлік белсенділігі туралы шынайы және сенімді ақпарат алудағы қызығушылығы айтарлықтай өсті. Заманына қарай адамы дегендей кейінгі кездері сантүрлі бизнес көздері ашылды. Жастардың сұранысына ие қазір – бизнес саласы болып тұр. Алайда, заңсыз жолмен бизнес құрып жүргендер де бар.

Соңғы жылдары заңсыз бизнес көздерін жою жақсы қарқынмен орындалып келеді. Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан қозғалған істердің 70 пайыздан астамы көлеңкелі кәсіп иелеріне қатысты. Мәселен, заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған 110 мекеме жойылды. Айта кетейік, ойынхана Қазақстанның 2 аймағында ғана ресми түрде жұмыс атқаруға рұқсат берілген болатын. Олар – Көкшетау мен Алматыдан 70 шақырымдағы Қапшағай қаласы. Бірақ құмар ойынның құрығына ілінгендердің жиі баратын мекені өзге халықтың қалауына сай келеді деу өте қиын. Құмар ойындары қаншалықты қауіпті болуы мүмкін?

«Құмарланып, шаттанба, Ойнап босқа күлуге»-деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқандай құмарлық бүгінде қоғамға қауіп төндіріп отырғаны белгілі. Қысқа өмірдің қадір-қасиетін жете түсінетіндер болғанымен, өкінішке қарай, бағамдай білмейтін жандар да жетерлік. Олар арақтың арбауына түскендер мен құмар ойынының құрсауында қалғандар. Өкініштісі, құмарға қалай құмартып қалғандарын өздері де аңғармай қалады.  Көлігінен, үйінен, мал-мүлкінен тіпті өмірінен айрылып қалғандар қаншама. Көре тұра, біле тұра ешкім де доғарар емес.

Осындай заңсыз бизнеспен күресу талайдан бері жалғасып келеді. Қаржы мониторинг агеттігінің атқарып жатқан жұмыстарының арқасында былтырдың өзінде-ақ 29 қаржы пирамидасы жойылып, одан жәбір көрушілердің 8,3 млрд теңгедей шығыны өтелген. Және 44 алкогольді ішімдіктер дайындайтын цех жұмыстары тоқтатылды. Соның нәтижесінді, көлеңкелі экономика 20 пайызға дейін төмендеді. Жалпы айналымы 4,6 млрд теңгені құрайтын есірткі сататын 22 интернет-дүкені әшкереленді.

Елімізге жемқорлық қылмыстардан болатын экономикалық залал көлемі күрт артқан. Құқықтық статистиканың мәліметі бойынша, өткен айда ғана бюджет ақшасын жымқыру, пара алу секілді қылмыстардан елге 12 млрд 300 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Бұл алдыңғы көрсеткішке қарағанда 28 пайызға көп. Әсіресе қызмет бабын асыра пайдалану - ең көп залал келтірген қылмыс. Соммасы 8 миллиард 500 миллион. Екінші орында - пара беру, алу. 282 миллион теңге. Алаяқтар болса, 195 миллион теңгеге кесірін тигізген. Қалай экономикалық тиімділігін арттыруға болады?

Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, елдің әр аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнай-химия өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз, Майкөбе, Обаған алабын үрдіс игеру көмір өнеркәсібін орналастырудың құрылымын айтарлықтай өзгертеді. Мамандардың есептеуінше, болашақта барлық энергетикалық көмірдің 80% Солтүстік-Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық көмірі негізінде елімізде құрылатын ірі энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін электр қуатының 70%-ын береді. Батыс Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын игерудің болашағы зор. Бұл өңірден жылына 88-100 млн. тонна мұнай алуға болады. Осыған орай мұнда бұл өнімдерді өңдеп, мұнай химия өнеркәсібін өркендетуге, жаңа кәсіпорындар салуға мүмкіндіктер көп десем де болады. Ал Шығыс және Орталық Қазақстан күкірт қышқылын өндіруді, Оңтүстікте фосфор өндірісін ұтымды ұйымдастыру арқылы аймақтық экономиканың тиімді құрылымын жасауға болады. Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі бағытының бірі – мемлекеттің әлеуметтік саясатын ұтымды жүргізу. Қазіргі таңда жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты кедейшілік деңгейін төмендету және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайтуға бағытталып отыр. Қазақстан Республикасының аймақтарын әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеуді жүзеге асуы бойынша ұсыныстар әзірленіп тиімді пайдалана алатын болса, алда қаншама биік белестерді бағындыруға болады.

 

Ботагөз МҰРАТҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

09 қаңтар 2024, 15:47
08 қаңтар 2024, 12:20
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar