USD448.15EUR483.46RUB4.86

МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алуға кімдер құқылы?

22 ақпан 2023, 10:10
Абай облысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алуға құқылы. Ол үшін 3 ай бойы бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу қажет. БЖТ-ға табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік салықтар және МӘМС салықтар кіреді.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алуға кімдер құқылы?

БЖТ елімізде бір айлық есептік көрсеткіш көлемін құрайды. БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 3 450 теңге ал, ауылдар мен аудандардың тұрғындары үшін АЕК мөлшері екі есе аз – 1 725 теңге. Бұл міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік береді, деп хабарлады МӘМС аймақтық филиалы.

Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, келесідей шарттарды орындайтын кәсіпкерлер БЖТ төлеуші бола алады:

– жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын

– жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе оларға жеке қосалқы шаруашылықтың өнімдерін сататын

 

Ал келесі жағдайларда БЖТ төлеуші бола алмайды:

– сауда орталықтары аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғалар

– жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.)

– тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті жалға (жалдауға) беретіндер

– қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар

– Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар

Болашақ аналар үшін ақпарат

Көптеген ресми жұмыс істемейтін әрі тиісті аударымдары жоқ жүкті әйелдер жеті ай бойы БЖТ төлем жасайды. Нәтижесінде бала күтімі бойынша бір жарым жасқа дейінгі әлеуметтік төлемдерді алу үшін құжат тапсыра алады. Бірақ, бұл жағдайда «жұмыссыз жүкті әйел» жеңілдік санатынан шығарылады. Себебі жүйеде төлемдер өзін өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде көрсетіледі.

Жүкті әйелдер БЖТ төлеуді жалғастырған жағдайда өзін өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде сақтандыру мәртебесін сақтайды. Жеті айдан кейін төлеуді тоқтатқан жағдайда сақтандыру мәртебесін алғанға дейінгі екі ай ішінде МӘМС аясында медициналық көмек ала алмайды.

Барлық сұрақтар бойынша Qoldau мобильді қосымшасы 24/7 немесе Call-center 1406 арқылы хабарласуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar