USD448.15EUR483.46RUB4.86

Жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды

01 желтоқсан 2022, 16:01
Перинаталдық орталығында жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды
Жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды

Дәрігерлер жаңа туған нәрестеде туа бітті өкпесінде ақау - кистозды-аденоматозды мальформацияны анықтады.

Нәресте туғанда бірден нәрестелер қарқынды емдеу бөліміне ауыстырылып, өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылды.

Кішкентай пациенттің дүниеге келгенінінің 16-шы күні Перинаталдық орталықта сирек, әрі күрделі ота жасалды.

«Күрделі даму ақауы бар нәрестелерді емдеу үшін, 4-і деңгейге Астана немесе Алматы қалаларына ауыстыру керек, біздің жағдайда нәрестені жоғарыдағы орталықтарға тасымалдауы, нәрестенің ауыр жағдайына байланысты мүмкін болмады. Сондықтан, Алматы қ. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі м.ғ.к. Хаиров К.Э., Семей медицина университеттік госпиталінің балалар хирургиясы бөлімі меңгерушісі Жумажанов Е.А., Германияның SES хирургы Габриель Мария Краузак шұғыл түрде шақырылды», - дейді Перинаталды орталықтың неонаталдық қызмет жетекшісі Гулжазира Дюсекенова.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar