USD444.22EUR476.38RUB4.82

Заманауи ем түрін өз елімізде алуға болады

05 қазан 2022, 10:11
Абай облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықпен кездесу өткізіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті. Денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлінді.
Заманауи ем түрін өз елімізде алуға болады

Семейдегі ядролық орталық Президент тапсырмасынан кейін 2021 жылдың 1 сәуірінде ашылған болатын.

Орталыққа екі бөлім кіреді: радионуклидті диагностика және радионуклидті терапия бөлімдері. Орталық заманауи техникамен жабдықталған, соның ішінде 2 ПЭТ/КТ, 2 ОФЭКТ аппараттары да бар, бұл аппараттардың көмегімен заманауи гибридті медициналық технологиялар енгізілді. 2022 жылдың басынан ПЭТ/КТ зерттеуін 2243 науқас, ОФЭКТ зерттеуін - 2411 науқас өтті.

"Еліміздегі алғашқы, әрі жалғыз - радионуклидті терапия бөлімінде 2021 жылдың 1 шілде айынан бастап қалқанша безінің ауруларын емдеу үшін радиойодтерапия емін 635 науқас алып шықты. Яғни, 635 науқас заманауи ем түрін шетелден емес, өз елімізде алуына зор мүмкіндік алды. Алдағы уақытта емделушілерді көбірек қабылдайтын боламыз" - дейді мамандар.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar