USD447.4EUR477.55RUB4.76

«Елдің тілегі мен ердің тілегі - бір»

16 маусым 2022, 16:13
Мұхаметқазы Мұхамедиев қоғам белсендісі, тарихшы, өлкетанушы.
«Елдің тілегі мен ердің тілегі - бір»

Жас басшыға айтарым, «елдің тілегі мен ердің тілегі – бір» дейді.  Семейде қазір үлкен шаруашылық орындар, қаланың ішіндегі үлкен құрылыстардың бәрі қирап, халықтың әлеуметтік-құрылыс жағдайы күрт төмендеп кеткен жағдайда. Екінші жағынан,   Абай облысының құрылуы Абайдың рухыменен, кешегі Алаштың рухыменен суарылып, елдің рухани жан-дүниесі, әлеуметтік жағдайымен қоса биік белеске шығатын кез келді деп ойлаймын.  Абайдың тілі – қазақтың тілі. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болғандықтан да тіл мәселесі көз алдымызда тұратын негізгі мәселелердің бірі. Бұл іске де көңіл бөлінетін жағдай туды ғой деп ойлаймыз.

         Бірінші ұсынысым, мектептегі тәлім-тәрбие үшін Абай пәні енгізілсе, бұл жағынан облыс Абай атамыздың атын алып жатқаннан кейін үлгі болсақ.  Абайтану орталығы Семейде әлі күнге жоқ. Біздің мектептер Алматы, Нұр-Сұлтандағы мектептермен бірдей болып кетті. Абайдың отаны Семейде абайтану кітаптары көбірек жарық көріп, кең таралуы керек-ақ. 

 Екінші ұсынысым, шетелден алған өнімдер экологиялық жағынан таза емес, организмге біздің өзіміздің жергілікті өнімдер жағады. Қайтадан қалпына келтіруге Мақаншы, Шұбартау сияқты аудандар сұранып тұр. Қазіргі күйінде қала берсе, «құлан жорытпас құла дүз» болып қала бермекші. Біздің облыс шекаралық аумақ әрі халық саны көбейгені керек.

Үшінші ұсынысым, отанына оралып жатқан қандастарымыздың жағдайлары мықтап ойластырылуы керек. Оларға жұмыс та, жер де берілсе игі.  Мысал ретінде айтайын, Малай (бұрынғы «Скотовод» совхозы) деген ауыл бар, былтыр сондағы 9 жылдық мектеп жабылып қала жаздап, қандастарымыздан құралған 4-5 үйді көшіріп әкелген екен. Әрқайсысында 6-7 бала бар, сөйтіп, мектеп жабылған жоқ, әрі демографиялық жағдай қалпына келіп отыр. Қазақ өзіміз азбыз, егер ауылдарға қиырдағы елді көшіріп әкеліп, жағдайларын жасасақ, экономикалық жағынан да өсетін едік. 1962 жылы  шекарадан  310 мың халық өтіпті. Осы ұлы көшке биыл тура 60 жыл. Енді осы дата ескерілсе, ұмыт қалмаса екен. 

Материалды дайындаған ТВК-6 компаниясының

ақпараттық қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar