USD445.66EUR474.58RUB4.78

Әкімнің назарына айтылған ұсыныстар мен пікірлер

16 маусым 2022, 13:11
Серікбек Бақтажарұлы, зейнеткер. Біздің жігіттердің білімі де, іскерлігі де, ұйымдастыру қабілеттері де жетеді. Ондай адамдар арамызда көп. Біздің перспективамыз ауыл шаруашылығына байланысты. Мен өнеркәсіп саласының маманымын, кезіндегі гиганттар бүгінге күнге жарамайды.
Әкімнің назарына айтылған ұсыныстар мен пікірлер

Бірінші ұсынысым, 1200 бас, 1300 бас мал соятындай, 500 басқа дейін ірі қара соятын ет комбинаттары керек қазір. Алғашқы өңдеу кәсіпорындары аудан орталықтарында салынуы керек. Ал терең өңдеу кәсіпорындары облыс орталығында болса жарасады. Сондай-ақ, тауарлы сүт фермасы мәселесі шешілуі керек.

Екінші ұсынысым, жем қорын молайту үшін суармалы жерлерді көбейту керектігі сөзсіз.  Советтік кезеңдегі суармалы жерлерді қайтадан қолға алу керек, азаматтарымыз осы шаруаға көңіл бөлсе екен.

Үшінші ұсынысым, озық технология жағынан әлсізбіз, шетелдік көмек керек-ақ. Бірақ ақыл-кеңесімен қол ұшын беруге, құрал-жабдықтар беруге де дайын өзіміздің институттарымыз барын да ескеру керек. Ет өнеркәсібі жайлы кезіндегі стандарт дейді ғой, ГОСТ дейді, жаңағы институттар шұғылданған еді. Сондықтан жан-жаққа жалтақтап қарай бермейік.  Барымызды бағалап, табандылық танытып, бірге болуымыз керек!

Бұдан бөлек, айтпақ бірер пікірлерім мыналар. Біз көбінесе, «-ский» дегенді қосып жібереміз ғой. Абайский, Шарский деп. Өз білуімше, енді мұндай «-скийлардан» қашып, қолданбауымыз керек. Абай облысы, орысша «область Абай»  делінсе, осыны әдет қылсақ дұрыстық. Қазақ тілін дұрыс қолдану жағынан өзгелерге де үлгі болар едік.

Өзіміздің Затондағы тері өңдейтін зауыт бір ашылды, бір жабылды. Сондай байырғы өнеркәсіп жандануына не кедергі? Ауыл адамдары тері дегеніңіз жиналмай әр жерде шіріп, шашылып жатыр деседі. Қазір логистика дамыған, яғни жол бар, көлік бар заман. Сол терілерді жүйелі түрде жинап, өндіріс шикізаты қылу өз қолымызда емес пе, осы мәселе қашан шешілмек деген сұрақ туындайды.

Кезінде ет комбинаты істеп тұрған кезде, терілерді сол зауытқа жіберетін едік. Тонның неше түрі өндірілді. Онан соң, дубленка дейтін түрік тондары тігілді. Тері зауытын Жұмағазы деген жігіт басқарып, жақсы жұмыс жасады. Бірақ қаржы мәселесі шешілмей, зауыт қайта тұралады. Қолдау болса, мұндай кәсіпорындар жандануға дайын. Білікті мамандар бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar