-Кітап десе ішкен асын жерге қоятындардың бірі өзім едім. Кітап әлемін қызықтайтын жас оқырмандарыңызда баршылық шығар. Бірақ дегенменде кітапханашы қызметін таңдауда негізгі мақсатыңыз қандай болды?Бұл жолға кітапқа деген қызығушылығыңыз алып келді ме?
-Қайырлы күн! Сұрағыңызға көптен көп рақмет! Жалпы кітапханаға келуіме, кітапханашы мамандығын таңдауыма бірден бір себепкер болған, әдебиет әлемінде өзімді көру өзімді елестете алуым болды. Кейбір кезде іштегі сезімдерді қолға қала алып қағазға төгетін сәттерде болады. Сол секілді әр бір автордың еңбегін оқи отырып бас кейіпкелердің оқиғасын сезіне білу ерекше әсер қалдыратын. Сондай ғажайып әлемнен қол үзіп қалғым келмегеннен болуым керек осы салада жүргенім. Жалпы бұл салаға келгеніме көп уақыт бола қоймады, аз ғана уақыт ішінде мамандығыма деген қызығушылығым артып, одан әрі құрметтей түстім. Келген оқырманның мінез-құлқына, оқитын бағытына қарай кітаптар ұсыну үлкен жауапкершілігі бар жұмыс. Себебі, кейбір кезде оқырмандар қайта келіп, мына автор өмірімде жаңалық болды, болмаса ерекше жанрды ұсыныпсыз деп пікірлерін бөліседі. Қызығымен қиындығы қатар жүретін мамандық. Жұмысына деген махаббаты бар адам ғана өз орнын мықтап таба алады деп айта аламын.
-Кітапта тұнған байлықты іздене білетіндер некен саяқ. Кітапхана оқырмандарының ішінде жас айырмашылығы қатты сезіледі ме? Оқырмандарыңыздың басым бөлігі қандай кітаптарға құмар.
-Қалалық орталық кітапхана 16 жастан жоғары жастағы оқырмандарды қабылдайды. Адамның жасына байланысты бір неше топқа бөліп қарастырамыз. Мысалы: жастар, орта буын, аға буын өкілдері. Яғни бізде жасөспірімдерден бастап, аға буын өкілдеріне дейінгі аралықта оқырмандарды қамтиды. Осы орайда оқырмандар арасындағы ең жасы үлкен кітапқұмар адамды тілге тиек еткім келіп отыр. 1923 жылы дүниеге келген Екатерина Николаевна деген оқырманымыз. Қазіргі таңда 96 жаста. Сонда біздің кітапханамызда 16 жастан 96 жас арасын қамтитын оқырмандар бар деп мақтанып тұрып айта аламын. Тарихи шығармалар мен детектив, тіпті лирика жанрларыда назардан тыс қалып жатқан жоқ.
-96 жасқа келіп, кітаптан азық іздеп жүру деген қандай керемет! Жастар арасында өздеріңіздің жаңа бастау алған жобаларыңыз бар екен. Кітап оқимыз,бірге талқылаймыз дедіңіз бе? Жай-жапсарын айта кетсеңіз.
-Жоба жалпы Жастар ресурстық орталығымен бірге атқарылып жатқан жоба. «Talqylike» деп аталады. Қазақ әдебиетіндегі жаңа жазушыларды оқырманға таныстыру мақсатында, қоржынымызға қосу үшін, жастарды кітапқа баулу, жаңа ортаға бейімдеп, жақсы достар табуына септігіміз тисін деп, жәнеде өз ойларын еркін жеткізуге дағдылау болып табылады. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Тек кітап сүйген, қызығушылығы бар адамдарға есігіміз ашық. Жоба барысында таңдап алынған автор шығармасын екі апта көлемінде оқып шығып, апта соңында бәріміз бас қосып, бірге отырып шығарманы бірге талдаймыз. Шығармадағы негізгі идея, автордың ұстанған бағыты, не айтпақ болды, қай тұсы ерекше әсер етті, тақырыбы орынды ма деген секілді сауалдарға жауап іздейміз. Және де өзің өзгеге ұсына алатын кітаптар қатарына жатқыза аласың ба деп сұрақтар қойып отырамыз.
Жобаның жарық көруіне тағы бір себеп жастардың кітаптан алшақ болуларына деген көпшіліктің сыни пікірлері болды. Ол, шындық. Жастар кітаптан көрі ұялы телефонмен көп уақыт өткізуі өзіндік зияндарын алып келіп жатыр. Бірақ бір қарын майды бір құмалақ шірітеді демекші, оқитын , ізденетін жастар көлеңкеде қалып қалатыны бар.
-Осы жоба бастау алғалы бері нәтижесін беріп келе жатыр ма? Көп естіп, білмей жатқан адамдар міндетті түрде жуық арада қатарларыңызға қосылады деген ойдамыз.
-Жоба бастау алғалы біз екі шығарманы толық оқып шықтық. Қазіргі таңда үшінші шығарманы оқу барысындамыз. Ең алғаш оқыған шығармамыз Қайрат Жолдыбайдың «Кемел Адам» атты кітабы болды. Бұл кітап туралы айта берсек көп. Адамдар бойындағы қасиетте, мотивацияда, әдет-ғұрыпта, ата салтын жандандыру , дәстүріде осы кітапта бір жолға тоғысқан десек артық болмас. Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» шығармасы екінші кітабымыз болды. Бұл шығарманы оқи отырып туған жерге, отанға, сүйген жарға деген махаббатты ерекше сезіне білдік. Тақырыптың өзі жұмбақ, әрі қызық болды. Сонысымен оқырмандарымыз өзіндік ойларын, бір неше тарауда талданған бір неше махаббат үлгісін жеткізе білдік. Үшінші шығарма тақырыбы «Әке» деп аталады. Бұл шығарма Жұлдыз Қайратбек деген жас жазушының шығармасы. Марқұм әкесіне деген хаты болатын. Шығарма барысында қыз баланың әкеге деген махаббаты, сағынышы суреттелген. Осы шығарма міндетті түрде оқырмандар жүрегінен орын таба алады деп ойлаймын өз басым. Әзірге бұл шығарма аяғына жетпедік алдағы аптада талқылаймыз.
«Talqylike» жобасы шынында жақсы бастама болды. Алдағы уақытта тағы қандай тың жаңалықтармен оқырман қауымды қуантпақсыздар?!
-Жалпы Талқылайық кез-келген тақырыпта жүргізуге болады. Ұлы өнердің шеңберінде жүрген өзгеде тақырыптарға ат басын бұрамыз деген ойымыз бар. Тек кітаппен ғана шектеліп қалғымыз келмейді. Заман талабына сай аудиолар, подкатстарды талқылауға жол салмызба деген ойымыз бар. Оқырмандармен тік кітаптағы шындықты ғана емес, кино әлеміне де сергіту сәтін жасап, тарихи, отардық киноларды бірге көріп, талқыласақ депте ойлаймыз.
-Бүгінгі заман кітапханашысы заман талабына сай білімді, технологияны меңгерген, ерекше ынталы болуы керек деп жатамыз. Жастар кітап оқымайды деген ой сыңаржақ пікір екеніне өз сөздеріңіз, оқырмандарыңыз дәлел болып отыр. Осы тұрғыда кітапқа қызығушылықты ояту кітаптан ба, кітапханашыдан болатын нұсқау дейміз бе?
Өте орынды сұрақ деп ойлаймын. Кітап пен кітапханашы осы тұста теңесетін секілді. Қандай кітаптан бастарын білмесе, не болмаса бір бағытқа тоқтала алмай жүрген оқырмандар болса міндетті түрді кітапханашымен кеңесу керек. Оқырман мен кітапханашы бірігуі арқылы, жансызға жан бітіріп, қиял әлемін шарлататын әдеби әлемге, кітапқа деген соқпақ жолды салады.
-Қазіргі күні жастар көбіне кітап дүкендерінен психологиялық, мотивациялық я бизнес жайлы кітаптарды сатып алып оқуға құмар. Оған себеп оқырман талғамының төмендігі ме, әлде рухани қажеттілік деп ойлайсыз ба?
-Талғамда талас жоқ деп жатымыз ғой. Әр оқырманның кітапқа деген көзқарасы әртүрлі. Біріне тарихи шығарма ұнап, біріне керісінше ұнамауы мүмкін. Ішкі әлемнің сұранасы болса керек. Жастар кітап таңдай алмайды емес, өздеріне керегін, рухани қажеттілігін солай кітап оқу арқылы толтырып жүрсе қуаныш емес пе?! Кітап оқығанмен түсінбейтін адамның, кітап оқымаған адамнан еш айырмасы жоқ. Керісінше сұраныстағы жаңа кітаптарды оқитын жастар болса, оны қажетіне жарата білсе үлкен жетістік. Өз ішіндегі рухани қажеттілікті толтыра білу, іздене білу әр адамға жүктелген міндет. Оны қандай жолмен болсада таба білуіаміз керек. Мотивациялық кітаптар бүгінге дейінде болған, тек көп жарық көрмегеннен болар, қазір қолданыста, сұраныста сол кітаптар көптеп кездеседі. Сондықтанда болар көпшілік дұрыс қабылдай алмай жатады. Тек жастар арасында емес, үлкен буындар арасындада кең танымал кітаптар осы психологиялық, мотивациялық кітаптар болады.
-Кітаптар әлемінен орын тауып, орныққан маман ретінде кітап таңдауда қандай талаптарды негізге қою керек деп айта аласыз. Кітапханаға келетін оқырмандарыңыз сан алуан бағытты ұстанатыны белгілі. Дегенменде қазақ әдебиеті деген, ақын-жазушыларымзға деген сұраныс баяғыша орнында деп айта аламыз ба?
Кітап таңдаған кезде ең алдымен өзіңізге қандай жанр жақын екенін біліп алуыңыз керек. Енді бастап келе жатқан оқырман болсаңыз, бірден том-том емес шағын шығармалардан бастау керек. Себебі, байқасаңыздар оқырмандардың көп бөлігін 17 беттен әрі қарай елітіп алып кете алмай жатады. Бұл тұста тақырып дұрыс таңдалмаған болуы керек. Сондықтан ең әуелі жанр таңдап, оның ішіндеде қысқа шығарма таңдалу керек. Оқырмандардың басым көпшілігі мұқабасына назар аударады. Сыртқы әдемілік секілді, ішінде әдемі ой берілмеуі мүмкін. Тіпті ол шығарманы ұқпауыңызда мүмкін болатын жағдайлар кездеседі. Ал қазақ жазушыларына тоқталатын болсақ. Сұраныс арту үстінде демесек, жоғалмаған. Шерхан Мұртаза, Мұхатр Мағауин, Сәбит Мұқанов, Қабдеш Жұмаділов, Бейімбет Майлин сынды жазушылардың еңбектері сұраныстан түспеді. Жалпы оқырманның қазақ ақын-жазушыларына деген сұранысы бәз қалпында. Түркі әлемінің үздік жазушыларының қатарына қосылған Төлен Әбдіктің шығармаларын сұрап келетін, тіпті арнайы келетін оқырмандарымыз бар. Сайын Мұратбековтің шығармаларын енді бастап жатқан, кітапты бастама қылып жүрген оқырмандарға ұсына аламын. Ұрпаққақалдыратын оймақтай ойы бар дүние әліде жалғасын табады деп сенеміз.
- Рақмет сұхбатыңызға. Кітапхана оқырмандары көбейе берсін. Әрдайым осындай жаңа жобалармен ел мүддесі үшін қызмет ете беріңіздер. Сіздерге тек табыс тілеймін!
Сұхбаттасқан: Быхина Жанайым Бауыржанқызы