USD447.4EUR477.55RUB4.76

Абай облысы Ақсуат ауданының жаңа әкімі тағайындалды

01 шілде 2022, 09:27
Нұрлан Уранхаев жұмыс сапарымен Ақсуат ауданына келді, онда мәслихат депутаттарының келісімі бойынша жаңа әкім Асхат Смайыловты таныстырды.
Абай облысы Ақсуат ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Асхат Сайдахметұлы Смайылов 1968 жылы 1 наурызда Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

1991-1994 жылдары Семей облысының Ақсуат аудандық қаржы бөлімінде кірістер түсімін болжау және экономикалық талдау бойынша аға экономист, 1994-1996 жылдары Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің салықтық болжау бөлімінің меңгерушісі, 1996-1997 жылдары Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1997-2002 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары - бюджет бөлімінің басшысы, 2002-2005 жылдары Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы, 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2007-2009 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

16.02.2009 бастап 23.12.2009 дейін Көкжыра ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді.

2009 жылдан 2010 жылға дейін Тарбағатай ауданы әкімінің аппаратын басқарды.

2010 жылдан 2018 жылға дейін Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Тарбағатай ауданының әкімі.

Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев атап өткендей, жаңа аудан әкіміне жаңа жобаларды жүзеге асыру және басталған жобаларды аяқтау үшін жұмыс жүргізу қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar