USD466.44EUR487.71RUB8.56

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж жұмысымен танысу

23 маусым 2022, 10:09
Облыс әкімі аралаған нысандардың алғашқыларының бірі – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі. Колледж басшылығы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты оқу орнының тарихымен, жеткен жетістіктерімен таныстырды, сонымен қатар көлемді іс-шаралар ұйымдастыру үшін акт залының жоқ екеніне тоқталды.
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж жұмысымен танысу

«Біз колледжді дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бірақ біздің бақылауымыздан тыс нәрселер де бар. Мерекелерді, концерттерді және салтанатты іс-шараларды өткізетін акт залы болғанын қалаймыз», – деді М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Шағангүл Жанаева.

Колледжде орталықтандырылған жылу жүйесінің болмауы маңызды мәселе болып қала беруде. Колледждің өз қазандығы бар, бірақ оның жағдайы көңілден шықпайды. Колледж өкілдерін тыңдап, облыс әкімі профильді ведомстволарға тиісті тапсырмалар берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar