USD426.32EUR496.24RUB6.04

Семейге жасалған сый

14 сәуір 2021, 11:43
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай өткен жылы біршама игі істер жүргізілген болатын. Мерейтойды атап өтуде еліміздің басқа өңірлері де атсалысып, қаламызға өз қаржылары есебінен тарту жасағаны белгілі.
Семейге жасалған сый

Атап айтсақ, халық игілігіне орай Алматы облысының демеушілігімен «Абай жолы» аллеясы ашылса, жаңа мешіттің аумағын абаттандыруды Түркістан облысы өз мойнына алған.  Сонымен қатар, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы шаһарымыздың 30-ға жуық көпқабатты үйдің ауласына күрделі жұмыс жүргізуді, Абай туған өлкесінің көркеюіне үлес қосты.

Өткен жылы ашылған, Алматы облысының Семейге тарту еткен «Абай жолы» аллеясының  ұзындығы 2 шақырымнан асатын жаяу жүргіншілер құрылысына 600 млн. астам қаржы жұмсалған. Бұл аллея Селевин көшесінің қиылысынан бастап, ет комбинатына дейінгі аралықты қамтыған. Жасыратыны жоқ  бұл жер семейліктердің сүйікті орындарының бір десе де болады.

Абай Құнанбайұлы мешітінің аумағын абаттандыру жұмыстары Түркістан облысының қаржыландыруы есебінен жүргізілді. Бұл жобаның құны 681 млн. теңгені құраған. 2020 жылдың маусым айында басталған құрылыс жұмыстары төрт айдың ішінде аяқталған. Балаларға арналған ойын және жаттығу алаңқайы мен 500 көлік тұрақтайтындай автотұрақ салынып, 17 мың шаршы аумақ көгалдандырылып мешіт аумағы көз тартарлықтай күйге енген.

Мұндай игі іс-шарадан Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы да шет қалмап еді.  Қаламыздың 30-ға тарта көпқабатты үйлерінің ауласы жаңартылып, тротуарлар салынып, жиектастар қойылуына, шағын архитектуралық нысандар орнатылып,  футбол алаңының бой көтеруіне  мұрындық болған.

2020 жылы ақынның мерейтойына ел өңірлері осындай қолдаулар көрсетіп, Абайдың туған жерінің гүлденуіне үлкен үлес қосқан.

Бұл – Тәуелсіз еліміздің береке мен бірлігінің айғағы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

14 сәуір 2021, 11:43
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2021
Әрленім және құрастыру
SemStar