USD446.49EUR475.38RUB4.79

Семейдің автопаркі 500 млн теңге мөлшерінде субсидия алады

07 сәуір 2021, 12:22
Қоғамдық көлікке қатысты мемлекет тарапынан субсидиялар жақын арада әлеуметтік маңызды бағыттарға бөлінеді. Бұл туралы Семей қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов мәлімдеді.
Семейдің автопаркі  500 млн теңге мөлшерінде субсидия алады

- Біздің бөлім - осы автопарктің құрылтайшысы. Автопарк құрылған кезден бастап жергілікті атқарушы орган оның жұмыс істеуі бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап келеді. Өткен жылдың қараша айында облыстық мәслихат 38 әлеуметтік маңызды бағыттарды белгілеген болатын. Содан бері көлікті субсидиялауға қатысты мәселелер қаралуда. Қаңтардан бастап барлық тасымалдаушыларды қолдау жұмыстары басталды. Біз жеңілдігі бар жолақыларын төлеп береміз. Оған 370 млн.  теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қалалық мәслихат сессиясында қаланың бюджетінен 500 млн. теңге көлемінде субсидия бөлу туралы шешім қабылданды. Сәуірдің орта кезіне қарай облыстан да субсидия бөлу жоспарланған, - деді Серікқали Жұманов.

«Semey Bus» ЖШС басшылығы мемлекеттен бөлінетін субсидияны өткен жылдың басынан бері күтіп жүр. Олар сол кезде-ақ қажетті мәліметтер мен құжаттарды сәйкес органдарға өткізіп қойған болатын. Алайда, әлі күнге дейін субсидия ала алмай отыр екен.

- Облыстық мәслихаттың шешімімен барлық 23 маршрут әлеуметтік маңызды деп танылды. Яғни, жолаушы тасымалының ережелері бойынша субсидия болу керек. Біз субсидия алу үшін қажетті барлық талаптарды орындасақ та, лауазымды мемлекеттік органдар шешім қабылдамады, заңнамаға сәйкес бюджеттік міндетті субсидия әлі төленбеді, - дейді автопарктің басшысы Б.Қылышбеков.

Бүгінде кәсіпорынның жалпы қарызы 73 млн теңгені құрайды. Парктің күнделікті табысы - 4,5 миллионнан 5,5 миллионға дейін. Осы қаражаттан 2,5 млн теңге жанар-жағармай материалдарына, қалғаны қызметкерлердің еңбекақысына жұмсалады. Субсидиялаусыз бұл мәселені шешу мүмкін емес.

Мемлекеттік органдар субдсидияны бөліп төлеуге уәде етіп отыр. Алайда, автопарктің қарызын төлеуге бұл қаражат жеткіліксіз екенін де жасыруға болшмайды.

«ЕӨ –ақпарат»

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar