USD426.99EUR514.35RUB5.72

Қала әкімі тұрғындар шағымданған көшелерде болды

31 наурыз 2021, 16:36
Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тиісті мекемелердің басшыларымен бірге бірнеше нысанды аралап шықты. Ол туралы әкім өзінің Instagram парақшасында жариялаған да болатын. - Орталық саябақтағы қалпына келтіру жұмыстары 2019 жылы басталған екен. Бүгін біз аталған нысанда атқарылған жұмыстармен таныстық. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Сәуір айында саябақтағы жөндеу жұмыстары өз жалғасын табады және олар ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін аяқталады.
Қала әкімі тұрғындар шағымданған көшелерде болды

Қаланың орталық бөлігіндегі Дулатов көшесіндегі жолдың сапасы да семейліктерді мезі етіп отырғаны шындық. Аталған көшеде сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасы жүргізілуде. Келісімшарт 2021 жылдың 1 маусымына дейін жасалған.
Ылғал мен қардың жылдам еруінің салдарынан жоласты топырақтардың шөгуі орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында кепілдік міндеттемелерге сәйкес, жол үстін толтыру және грейдерлеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жолдың үстіңгі қабатын толық қалпына келтіру, келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айында жүзеге асырылады. Бұл мәселе қатаң бақылауда.
Сонымен қатар, 2020 жылы Әуезов даңғылы бойындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталған болатын. Сол себепті даңғылдағы жолдың жекелеген учаскелерінде асфальтталған жол жамылғысы бұзылған. Бұл өз кезегінде көлік құралдарының жүруіне қолайсыздық тудыруда. Қазіргі уақытта жолдың беткі қабатын толтыру жұмыстары басталды. Сонымен бірге, көктем, жаз мезгілінде кепілдік міндеттемелерге сәйкес асфальт бұзылған жерлерде жол жабыны қалпына келтірілу жұмыстары жүргізіледі.
«Кей жерлерде жаяу жүргіншілердің қозғалысын қиындатқан еріген судың жинақталуы мәселелері пысықталуда.
Өз кезегінде, туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді, сіздердің барлық сын-ескертпелеріңіз алдағы жұмысымызда ескерілетін болады» – дейді Нұрымбет Аманұлы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

14 сәуір 2021, 11:43
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2021
Әрленім және құрастыру
SemStar