USD446.49EUR475.38RUB4.79

Н. САҚТАҒАНОВ: «СУ КІРУ ҚАУПІНЕН САҚ БОЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ»

31 наурыз 2021, 16:20
Соңғы уақыттарда қала ішіндегі табиғи құбылыстардың әсері қандай болып жатқаны белгілі. Соған орай, Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов семейліктерге арнайы Үндеу жариялады. Онда былай делінген:
Н. САҚТАҒАНОВ: «СУ КІРУ ҚАУПІНЕН САҚ БОЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ»

Қадірлі жерлестер!
Ауа райының жылуына байланысты, еріген қар суының жиналып, кей жерлерде жаяу жүргіншілер қатынасына кедергі келтіргенін білеміз. Дегенмен, бірнеше жыл көлемінде жүзеге асқан жобалар нәтижесінде жылдар бойы жұмыс істемей тұрған дренажды-кәріз жүйелері іске қосылып, қаланың орталығында үнемі су жиналатын аумақтардың мәселесі шешімін тапты. Жекелеген учаскелерде жиналған су арнайы техника күшімен алынуда.
Биылғы тоң қабатының тереңдеуі мен қар мөлшерінің артуына байланысты, жеке секторда су алу қаупі артқаны байқалып отыр. Сол себепті, негізгі күш осы аумақтарға жұмсалып отыр. Тек қана соңғы тәуліктің өзінде 12 000 м3 еріген қар суы шығарылды. 2000 м3 тонна инертті материал төгілді. Жалпы, жиыны 30 бірлік техника, 30 адам тәулік бойы жұмыс жасауда.
Өкінішке орай, су өткелдері мен құбырларының тұрмыстық қалдықтармен бітелуіне байланысты судың жиналып, жақын маңдағы үйлерге су кіру қаупінің туындағанын да айту керек. Бұл жерде адам факторының да болуын жоққа шығара алмаймыз.
Сол себепті, үстіміздегі сәуірдің 10-нан бастап әр сенбі сайын санитарлық тазалық шараларын қолға алатын боламыз.
Жерлестеріміздің барлығын бірге, сенбілікке шақырамыз.
Әр адам, әр кәсіпкер, әрбір қызметкер өз үйінің, кәсіпорны мен мекемелерінің алдын, жан-жағын «тазалық айында» бір жинастырып алайық!
Бізге қарап балаларымыз да тазалыққа, еңбекті бағалауға үйренеді!
Қолдауларыңызды сұраймыз!

Н. Сақтағанов,  Семей қаласның әкімі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar