USD0EUR0RUB0

Семейде үйлену тойын өткізген мейрамхана анықталды

02 желтоқсан 2020, 15:23
Жұмылдыру тобымен бұқаралық отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынуына қарамастан той жүріп жатқан мейрамхана анықталды. Шектеу шараларына қарамастан семейліктер отбасылық шаралар өткізуде. Мейрамхана иелері өз мекемелерінің есіктерін жабу, келушілердің автокөліктерін мекемеден қашық жерлердегі көлік тұрақтарына қою сынды қулықтарға барады. Бүгін жұмылдыру тобы той жүріп жатқан мейрамхананы анықтады.
Семейде үйлену тойын өткізген мейрамхана анықталды

- Бізге біршама уақыт есікті ашпады. Оған дейін екі сағаттан артық далада жүрдік. Үйлену тойына 100-ден астам жиналған, күтушілерді қосқанда 120 адамнан асады. Шектеу шараларына қарамастан адамдар бұқаралық адамдар жиналатын орындарға барып отбасылық мерекелерді өткізуді жалғастыруда. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайда тыйым салынған әрекет - дейді «Семей - адалдық алаңы» штабының жетекшісі Дариға Дайырова.

1 қазаннан бастап Семейде 112 рейдтік іс-шара жүргізілді, 1543 кіші және орта бизнес нысандары тексерілді, 210 бұзушылық анықталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar