USD458.85EUR503.5RUB5.59

Қазақстан мен Ресей президенттері жасанды интеллектіні енгізуге арналған көрмені тамашалады

14 минутқа жетпей
Ресейге жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Al Journey 2026 халықаралық конференциясы аясындағы іс-шараларға қатысты.
Қазақстан мен Ресей президенттері жасанды интеллектіні енгізуге арналған көрмені тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін паш ететін стендтермен танысты.

Қазақстанның көрме алаңында «Технологиялық ұлт», Startup City, GovTech, Aitu, «Көлік және FinTech салаларындағы ЖИ» секілді алты негізгі бағыт қамтылған.

Ресей тарапының экспозициясы білім беру, денсаулық сақтау, қала құрылысы, сот ісін жүргізу, мұнай өнеркәсібі және басқа да секторлардағы цифрлық шешімдерге арналған.

Екі елдің салалық ведомство басшылары жасанды интеллектіні қолдану арқылы жүзеге асырылып жатқан басым жобаларды таныстырды.

AI Journey («Жасанды интеллект әлеміне саяхат») – жасанды интеллект технологияларын әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған дәстүрлі конференция.

Іс-шара 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде бұл жиын ЖИ саласындағы беделді халықаралық алаңға айналды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:
Выборы депутатов маслихатов

Соңғы жаңалықтар

25 қараша 2026, 13:22
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2026
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar