USD458.57EUR501.54RUB5.57

Сайлау өкілді билікті барлық деңгейде жаңарту үдерісін аяқтайды

4 сағатқа жетпей
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Әбдіров биыл ауқымды реформалар аясында жаңа Конституция бойынша референдум және Құрылтай депутаттарының сайлауы өткенін еске салды.
Сайлау өкілді билікті барлық деңгейде жаңарту үдерісін аяқтайды

23 тамыздағы дауыс беру қорытындысы бойынша жаңа бір палаталы Парламент құрамына 145 депутат енді. Мәслихат сайлауы осы жаңару үдерісін жергілікті деңгейде аяқтап, республикалық деңгейден аудандық деңгейге дейінгі жаңартылған өкілді органдар жүйесін толықтырады.
Президент бұл сайлауды мемлекеттік басқару жүйесін жалпы трансформациялау үдерісімен байланыстырды. Мемлекет басшысының айтуынша, сайлау білікті әрі кәсіби мәслихат депутаттарының корпусын қалыптастыруға жол ашып, олардың жұмысына жаңа серпін береді. Бұл ұстаным Мемлекет басшысының мәслихаттар форумында да айтылған кәсібилендіру бағытымен үндеседі. Атап айтқанда, депутаттардың ротациясы мен жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:
Выборы депутатов маслихатов

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2026
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar