USD0EUR0RUB0

Цифрлық кодекс, Digital Qazaqstan, ЖИ туралы заң — Цифрминге шұғыл тапсырмалар берілді

10 қыркүйек 2025, 15:51
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамалар бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Цифрлық кодекс, Digital Qazaqstan, ЖИ туралы заң — Цифрминге шұғыл тапсырмалар берілді

— Цифрлық даму министрлігі Парламент қабырғасында Цифрлық кодекстің және «Жасанды интеллект туралы» заң жобаларының пысықталуын жеделдетсін. Бұдан бөлек, цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі «Digital Qazaqstan» тұжырымдамалық құжатын әзірлеуге кірісу керек. Аталған құжат саланың алдағы үш жылға арналған негізгі бағыттарын қамтып, жауапкершіліктің ара-жігін нақты бөліп беруі қажет. Бұған қоса, құжатта тиісті нәтижелер де көрініс табуы керек, — деді ол Үкімет отырысында.

Одан бөлек, Үкімет басшысы ведомствоны қайта құрылымдауға да қамдануды тапсырды.

— Цифрландыру министрлігі қайта ұйымдастыру және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы Президент Жарлығының жобасын енгізуге тиіс, — деді Бектенов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar