USD0EUR0RUB0

Жоғары технологияға 1 млрд доллар инвестиция тарту туралы бағдарлама әзірлеу қажет — Жолдау

08 қыркүйек 2025, 16:16
АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа инвестициялық кезеңді ойдағыдай бастау маңызды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты. 
Жоғары технологияға 1 млрд доллар инвестиция тарту туралы бағдарлама әзірлеу қажет — Жолдау

— Экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту туралы бағдарлама әзірлеу қажет. Оны Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп дайындауға тиіс. Жаңа инвестициялық кезеңді ойдағыдай бастау маңызды. Екінші дәрежелі банктер нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы керек. Бұл мәселе қоғамда баяғыдан қызу талқыланып жатыр. Осы жұмысты көп созбай қолға алу қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar