USD449.3EUR489.69RUB4.89

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛ КАРТАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

23 мамыр 2023, 15:44
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мектепке дейінгі білім беруден техникалық және кәсіптік білімге дейінгі барлық негізгі бағыттар бойынша бірлескен құжат қабылдады. Білім беру жүйесін дамытудың Жол картасы жалпы 148 іс-шараны қамтиды.
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛ КАРТАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Абай облысы әкімдігінің жоспары бойынша балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс 120 мың орынға артады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 6 мыңға жуық педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында 733 мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша бейнебақылау жүйесі орнатылады.
 
«Бүгін біз облыстың білім беру жүйесін дамыту бойынша бірлескен Жол картасын қабылдап жатырмыз. Соңғы жылдары білім беру саласындағы көптеген мәселелер шешіліп, жағдай түбегейлі өзгеруде. Білім беруді дамытуға бағытталған іс-шаралар Абай облысын дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспарында да көрсетілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа мектептер салу, бұрыннан бар мектептерді жабдықтау және модификациялау жоспарда бар. Жалпы облыста білім беру саласын дамытуға шамамен 135 млрд теңге бөлу жоспарлануда», - деді Нұрлан Ұранхаев.
 
Облыста 18 мың орынға арналған 29 мектеп, 2100 орындық алты қосалқы құрылыс салу жоспарланған. 150 мектеп қайта жаңғыртудан өтіп, 21 орта білім беру нысаны жаңартылады.

⏺ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мұндай кешенді тәсіл қазақстандық білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

«Жыл сайын 6 мыңға жуық мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан, жалпы білім беретін мектептердің басшылық құрамның 60-тан астам өкілі менеджмент бағыты бойынша оқудан өтеді. Осы шаралардың барлығы жаңа форматтағы педагогтер, яғни білім беру саласының көшбасшыларын даярлауға бағытталған. Мектептердің 25% - ы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне қатысады», - деді Ғани Бейсембаев.

Басым міндеттердің бірі - инклюзивті білім беруді дамыту. Облыста ПМПК желісін кеңейту, инклюзияны қолдау бойынша 14 кабинет және 1 аутизмі бар балаларды қолдау орталығын ашу жоспарланған.

Тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтуды қамтамасыз ету үшін сұранысқа ие мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты 4120 орынға ұлғайту жоспарлануда. Өңірде ТжКБ-ның екі мыңнан астам педагогі курстардан өтіп, 151 колледж басшылары менеджмент бойынша біліктіліктерін арттырады. Сондай-ақ 1240 орынға арналған 6 балалар сауықтыру лагері, балалар шығармашылығы мен зияткерлік әлеуетін дамытуға арналған 4 ірі нысан құрылысы жоспарланған.

Айта кету керек, Жол картасы өңірдің білім беру саласындағы балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуды, балалардың қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді және білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелерін қамтиды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar