USD457.7EUR492.81RUB6.49

Қазақстан мен АҚШ үкіметтері бірлескен мәлімдеме жариялады

25 қаңтар 2023, 12:12
Вашингтонда 2023 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан мен АҚШ арасындағы адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогтың екінші жыл сайынғы отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша екі елдің үкіметтері бірлескен мәлімдеме жариялады.
Қазақстан мен АҚШ үкіметтері бірлескен мәлімдеме жариялады

Отырыс ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханның және АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және Адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зейдің тең төрағалығымен өтті.

"Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары заңның үстемдігін, тиісті демократиялық басқаруды және адам құқықтарын ілгерілету мақсатында өзара мүдделер мен ортақ құндылықтарға негізделген ынтымақтастыққа өзінің берік міндеттемесін қайта жариялады. Америка Құрама Штаттары Қазақстан халқының игілігі үшін адам құқықтары мен демократиялық қағидаттар мен институттарға негізделген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толық іске асыруға өзінің батыл қолдауын тағы да атап өтті", - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Атап өтілгендей, жоғары деңгейдегі делегациялар бірқатар негізгі мәселелерді талқылады, соның ішінде:

саяси реформалар бағдарламаларын жүзеге асырудағы одан әрі прогресс пен серіктестік, Сот реформасы мен құқық қорғау органдарын реформалау, жұмысшылардың құқықтары, экономикалық қауіпсіздік және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оған ден қоюды қоса алғанда, әйелдердің құқықтарын күшейту;

мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қоса алғанда, адам құқықтары;

заңсыз шығарылған активтерді қайтару: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл.

Отырыс барысында екі елдің делегациялары өзара тиімді өзара іс-қимыл негізінде, оның ішінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің желісі бойынша көпжақты ынтымақтастықты қарады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

31 қаңтар 2023, 15:41
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar