USD457.7EUR492.81RUB6.49

Жоспарда 100-ден астам іс-шара қамтылған

25 қаңтар 2023, 09:53
Абай облысы алдағы 5 жылда қалай дамиды: әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары.
Жоспарда 100-ден астам іс-шара қамтылған

Жоспардың жалпы бюджеті 1,9 трлн теңгеге жуық. Олардың басым бөлігі – жеке инвестициялар.

Жылу көздерін, электр және сумен жабдықтау желілерін, кәріз-тазарту құрылыстарын, күре жолдар мен көпірлерді реконструкциялау, Семейде заманауи ЖЭО салу және т. б. жоспарланған.

“Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы” теміржол учаскесі, тау-кен байыту комбинаты, «Айдарлы» мыс кен орнын игеру, «құрғақ» порт және логистикалық парк сияқты ірі жобалар іске асырылады.

Туризм саласын дамыту аясында Семейде екі жаңа сауда ойын-сауық орталығы мен қонақ үй кешенін, сондай-ақ Алакөл жағалауында демалыс базасын салу жоспарланып отыр

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында 13 жоба іске асырылады: ет өңдеу комбинатының, суару жүйелерінің, сүт-тауар фермаларының құрылысы

Сонымен қатар, 6 мектеп, 7 медициналық мекеме, 5 спорт модулі, мұз сарайы, конгресс-холл, бассейннің құрылысы көзделген.

14 мың жұмыс орны құрылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

31 қаңтар 2023, 15:41
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar