USD0EUR0RUB0

Абай облысына әлеуметтік қолдау

13 қаңтар 2023, 10:00
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2016 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялар тобының атынан бірыңғай қайырымдылық қызметімен айналысады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бұқаралық спорт, халықтың әлеуметтік топтарын қолдау салаларында жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.
Абай облысына әлеуметтік қолдау

Басты мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартуға көмектесу.

2022 жылғы компаниялар тобының қайырымдылық қызметіне арналған қорытынды кеште Абай облысына Қор тарапынан 5 реанимобиль және 3 инватакси көлігінің сертификаты табысталды.

Салтанатты шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков қатысты.

Сонымен қатар, басқосуда ел дамуында маңызды әлеуметтік жобалар туралы есеп беріліп, қатысушылардың емін-еркін пікір алмасуына мүмкіндік қарастырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar