USD448.56EUR478.03RUB4.79

Абай облысының тұрғындарымен кездесу туралы

30 қараша 2022, 11:25
2022 жылғы 3 желтоқсан сағат 10:00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевтің Абай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Абай облысының тұрғындарымен кездесу туралы

Кездесудің мекен жайы – Семей қаласы, Абай көшесі 103, Семей медицина университетінің залы.

Онлайн-трансляция ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Абай облысы әкімдігінің «Youtube», «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.

Министрмен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жібере аласыз: WhatsApp нөміріне: 8-708-132-78-66 және электрондық мекенжайға: surak@ecogeo.gov.kz

Халықпен кездесуді өткізу барысында:

- коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу;

- азаматтарды жеке қабылдау;

- БАҚ өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастыру жоспарлануда.

Кездесуге жазылу үшін мына телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-708-132-78 66.

Азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar