USD468.98EUR493.74RUB7.59

Абай облысында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесі бекітілді

25 қараша 2022, 10:41
Олар ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР Жер кодексіне, ҚР Экологиялық Кодексіне, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, ҚР "ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "жасыл желектерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді.
Абай облысында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесі бекітілді

Қағидалардың күші мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй аумақтарында, сондай-ақ саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.

Негізгі мақсаты:

экологиялық тепе-теңдікті сақтау;

оңтайлы температуралық режимді, оның ішінде жазғы кезеңде сақтау;

ауа ылғалдылығын сақтау;

ластанған ауаның адсорбциясы (пайдаланылған газдар);

белгілі бір аумақта ластануды және теріс әсердің басқа да нысандарын сіңіру, тазарту, өзге де жою;

сәндік-эстетикалық, сондай-ақ қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.

Қағидалар меншік нысанына қарамастан Абай облысының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы қатынастарды айқындайды және реттейді

Абай облысының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

01 желтоқсан 2022, 16:07
01 желтоқсан 2022, 15:37
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar