USD468.98EUR493.74RUB7.59

Облыс әкімі өз таңдауын жасады

21 қараша 2022, 11:10
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев №260 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы сайлауға жұбайымен бірге барды.
Облыс әкімі өз таңдауын жасады

«Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Біздің облыс тұрғындары осы маңызды саяси шараға қатысуда. Жерлестерімнің белсенділігі қуантып отыр, сайлау учаскеміз толы, яғни, Семейліктер белсенділік танытуда. Көңіл-күйлері де көтеріңкі. Өйткені, бүгін тарихи маңызы бар күн. Сайлауға қатысу – болашағымызды таңдау.

Бұл жай ғана азаматтық белсенділік емес, бұл тұрақты Жаңа Қазақстанды құруға жасалған қадам. Біздің облыс үшін бұл тарихи маңызы бар сәт. Бұл жаңадан құрылған Абай облысының ең алғашқы сайлауы. 5 айлық болса да, біздің Абай облысы қазірдің өзінде осындай маңызды саяси қадам жасап, сайлауға әр ауылдық округтерде, аудандарда қатысуда. Үйткені бүгінгі жасаған таңдау арқылы ертеңімізді айқындаймыз.

Айта кетейін, Абай облысы бойынша барлығы 475 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру кешкі 8-ге дейін жалғасады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық жерлестерді өз таңдауын жасауға, белсенділік танытуға шақырамын» - деді өңір басшысы.

                                                                      

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

01 желтоқсан 2022, 16:07
01 желтоқсан 2022, 15:37
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar