Үржар ауданында ұйымдастырылған мән-мағынасы ерекше шараға 6 шет мемлекеттерден және ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге тарта Құсбегілер қатысып, өз бақтарын сынады.
Бүркіт жарысы бойынша жүлделі1 орынға Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы), 2 орынға Нұғман Өмірбек (Абай облысы), 3 орынға Өркен Бәйтілкәріпұлы (Моңғолия), Тастанбек Байрақ (Астана қаласы);
Қаршыға жарысы бойынша жүлделі 1 орынға Сейтжан Бексұлтан (Алматы облысы), 2 орынға Серікбек Ерасыл (Астана қаласы), 3 орынға Салават Айтбекұлы (Қырғызстан), Айшуақ Тайманов (Маңғыстау облысы);
Ителгі жарысы бойынша жүлделі 1 орынға Таңат Оспанқұлов (Қарағанды облысы), 2 орынға Ерлан Сандыбай (Түркістан облысы), 3 орынға Мұрат Налват (Түркия), Кеуенов Бағдат (Түркістан облысы);
Тазы жарысы бойынша 1 орынға Аманбек Дүкенов (Абай облысы), 2 орынға Жандос Озатов (Абай облысы), 3 орынға Аманбек Дүкенов ие болып, арнайы Дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.