USD0EUR0RUB0

Абай облысында барлық нысан жылуға қосылды

17 қазан 2022, 16:51
Өңірде орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін 44 жылу көзі жұмыс істейді. Жылу көздері штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Барлық денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау нысандары жылыту жүйесіне қосылған.
Абай облысында барлық нысан жылуға қосылды

Жылу беру желілеріндегі технологиялық бұзушылықтарға байланысты Семей қаласындағы 2 көппәтерлі тұрғын үй жылуға қосылмаған күйде тұр (Би Боранбай көшесі 45 Б және Ильяшев көшесі 127). Курчатов қаласындағы 1 үйде басқару органының сапасыз дайындығы себебінен ішкі жүйелерді баптау жүргізілуде.

Аталған жұмыстар аяқталғаннан соң үйлер жылуға қосылатын болады.

Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында он көппәтерлі тұрғын үй 15 қазанда жылумен жабдықтауға қосылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar