USD446.49EUR475.38RUB4.79

Облыс әкімі спортшыларды марапаттады

23 қыркүйек 2022, 15:09
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қазақ күресі және тоғызқұмалақтан Әлем кубогінде топ жарған спортшыларды марапаттады.
Облыс әкімі спортшыларды марапаттады

Румынияның Констанца қаласында қазақ күресінен өткен Әлем кубогінде полиция қызметкері, лейтенант Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақса, тағы бір балуан, Әсет Ахметжанов 90 келі салмақта жеңімпаз атанды.

Осы кубогте тоғызқұмалақтан 19 жасар қыздар арасында 15 жасар Аяна Исахан блицта жеңімпаз атанса, рапидте 3 орынға ие болды.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев:

«Күні кеше біз жеңіспен оралған футболшыларымызды марапаттап едік. Бүгін, міне, Әлем кубогінде алтыннан алқа тағып келген сіздерді құттықтап отырмыз. Бұл біздің облыс пен қала үшін зор мақтаныш! Қазір облыс орталығында көпсалалы спорт кешенін салуды жоспарлап отырмыз. Біз спортшыларымызға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. Жеңіс құтты болсын!»

Спортшыларымыз өз жеңісін Абай облысына арнайтынын және алдағы уақытта өңір намысын дүбірлі додаларда қорғап, жеңіс туын биікке көтере беретіндерін жеткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar