USD443.85EUR474.3RUB4.8

Облыс әкімі құқық-қорғау органдарының басшыларымен таныстырды

10 тамыз 2022, 11:04
Нұрлан Ұранхаев аппарат жиналысында бұған дейін тағайындалған облыстың арнайы құқық-қорғау органдарының басшыларымен таныстырды.
Облыс әкімі құқық-қорғау органдарының басшыларымен таныстырды

Естеріңізге сала кетейік:

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығымен Абай облысының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы қызметіне ұлттық қауіпсіздік генерал – майоры БАҚЫТЖАН СЫРЫМҰЛЫ ВАЛЕНИЯЗОВ тағайындалды.

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен агенттіктің Абай облысы бойынша департаменті Басшысы қызметіне ӘДІЛХАН БӘДІЛХАНҰЛЫ САБУРОВ тағайындалды.

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Абай облысының полиция Департаментінің бастығы қызметіне, полиция генерал-майоры БЕКТӨРЕ ЖЕҢІСБАЙҰЛЫ СҰЛТАН тағайындалды.

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Абай облысының төтенше жағдайлар Департаментінің басшысы қызметіне МАНАРБЕК ҚАЙЫРГЕЛДІҰЛЫ ШАПАҒАТОВ тағайындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar