Қоян түнде орманда болмасын, далада болсын қорықпай тік іздер қалдырады, ал тәңертең оның жаулары ояна бастайды: қоян болса сақ құлақ, иттің үргенін, шананың сықырын, мұжықтардың дауысын алыстан естиді, не қасқырдың сарт-сұрт дыбысын естіп, әрлі-берлі жанұшыра жүгіріп, жанталаса бастайды. Біресе алға зытады, біресе зәресі ұшып артқа қашады, сылдырды естіп дірілдеп секіреді, тұрған жерінен қайта жүгіріп қашады. Сөйтіп таңа атқанша секіріп жүгіреді, таң атқанда ұйқыға кетеді. Ертесінде аңшылар қоянның ізін таба алмай дал болады, оның қосақ-қосақ, оңды-солды орғыған іздерден шатасып, қоянның айлакерлігіне таң қалады. Ал қоян болса қулық жасаймын деп ойлаған емес, өйткені ол мұның бәрін қорыққанынан ғана істейтін.
08 қараша 2024, 10:07
08 қараша 2024, 10:05
07 қараша 2024, 09:46
07 қараша 2024, 09:41
06 қараша 2024, 13:56
04 қараша 2024, 15:41
04 қараша 2024, 09:35
31 қазан 2024, 09:52
30 қазан 2024, 15:22
30 қазан 2024, 14:53
24 қазан 2024, 16:25
24 қазан 2024, 16:21