USD495.2EUR522.34RUB4.94

Есім қалай кішіпейіл болды

15 қаңтар 2020, 09:53
Бұрын да естіп жүрген сөздері. Бірақ осы жолғы ескертулер шымбайына әбден батып-ақ кетті. Класс жиналысы деген оңайма, бірге жүрген жолдастары жан-жағынан жабылып, қызартты-ау өзін.
Есім қалай кішіпейіл болды

Қызармауға қайдан қойсын? «Үлкенді сыйламайсың, автобуста орын бермейсің», - деді дана. «Ең бастысы – сенде кішіпейілділік жоқ. Бар әңгіме сонда болып тұр», — деді класс жетекші апай.

Есімнің тәртібін класс жиналысы осылай талқыға салды. Қарап отырса бәрінің айтқаны дұрыс. Неше рет түзелуге уәде беріп, орындамағаны да шын.

Дөрекі дегендері рас. Қалай да кішіпейіл болайыншы енді. Ондай мәдениеттілік неғып келмейді?» - деп ойлады қайтар жолда Есім.

Ертеңнен бастап өзін мықтап қолға алуға бекінді. «Жоқ, бүгіннен бастаймын,–деп ойлады Есім үйге жете беріп. – Қазір тамақ ішіп аламын да кішіпейіл болуға кірісемін».

Тамақтан кейін ол аулаға шықты. Велосипед теуіп ойнап қайтпақ. Біреуге кішіпейілділік жасау да ойында. Күнделікті сабақ сияқты оны да бірнәрседен бастағаны жөн-ау.

Таңертең ерте шешесі Есімді сүт әкелуге жұмсаған. Кезек үлкен екен. Сүт сататын терезеге таяп қалғанда, артындағы кезекке Есімнің көзі түсті. Сол кезде кезек соңында тұрған бір қарияны көрді. Ол көрші үйдегі таныс әжей еді. Балаға көзі түскен әжей жымиды да қойды. Есім әлденеге сәл-пәл ыңғайсызданып қалды. Өзінің мына кәрі кісіден бұрын сүт алып кеткені дұрыс емес емес сияқты көрінді оған. Сосын арт жақтағы кісінің қасына жетіп келді де: - Әжей, сіз барып менің орныма тұрыңыз, ал мен сіздің орныңызда қалайын, -деді тақылдай сөйлеп. Кезекте тұрғандардың бәрі ду күліп жіберді.

–Жоқ, айналайын, менің уақытым бар ғой. Ал сен сабағыңнан қалып қоярсың. Рахмет ниетіңе,- деп, алғысын айтты қарт ана.

Ыдыстарын көтеріп, томпаңдап кетіп бара жатқан Есімге тұрғандардың бәрі қызыға қарады. – Неткен кішіпейіл бала.

Нұрдәулет АҚЫШ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:
Қорқақ қояндар
20 желтоқсан 2019, 16:45
Жиренше мен 17 түйе
20 желтоқсан 2019, 16:44

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar