USD444.32EUR473.33RUB4.76

Қаланың көшелерінде шілде айында заманауи шағын сәулет нысандары орнатылады

24 маусым 2022, 11:43
Бүгінгі таңда 4 кескіннен тұратын «Керуен», «Тырналар» (2 кескін), «Құлын мен бала» (2 кескін) және «Жастар» (2 кескін) мүсіндік композициясын жасау процесі жүргізілуде. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің отырысында белгілі болды.
Қаланың көшелерінде шілде айында заманауи шағын сәулет нысандары орнатылады

Одан кейін, «Бейбітшілік құсы», «Барыс параметрлия», «Лучик», «Асыл-Тас», «Үш қанат» стеласы, гүл құмыралары мен екі жақты орындықтар дайындау жоспарлануда.

Сонымен қатар, сәулет бөлімімен 6 муралдың жобалары әзірленді, олардың қатарына біздің тарихи тұлғалардың бейнелері де кірді.

Муралдар Шәкәрім даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шет жақтарына орнатылады.

Сондай-ақ, Дулатов көшесіндегі гүл павильондарының эскиздік жобасы әзірленді. Павильондардың иелерімен қасбеттерді ауыстыру бойынша жұмыстар келісілген.

Семей қаласының сәулеттік келбетін жақсарту үшін қаланың орталық бөлігінде, оның ішінде Абай көшесі, Шәкәрім даңғылы, Қабанбай батыр көшесі және Қайым Мұхамедханов көшесі шекараларында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінің эскиздік жобалары әзірленді.

Ескі қасбеттері бар көпқабатты тұрғын үйлердің 30-дан астам эскиздері іріктелді. Бірінші кезеңде, Шәкәрім даңғылы бойымен жағалаудан бастап теміржол вокзалына дейін 19 эскиздік нұсқа мақұлданды. Аталған жұмыстар бойынша конкурс 15 шілдеде аяқталады.

Сондай-ақ, Қайым Мұхамедханов, Қабанбай батыр, Қаржаубайұлы көшелері мен Шәкәрім даңғылы бойынша абаттандыру және жасыл желектерді отырғызу тұжырымдамасы әзірленді.

Бұл көшелерде ағаштардың 5 түрін отырғызу ұсынылады: ерен, қарағай, тюжа, шырша және қайың, барлығы 400 дананы құрайды.

Қаланың орталық бөлігіндегі серпінді құрылыстан басқа, қала маңындағы аумақтарда жеке тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік мақсаттағы объектілер үшін жалпы ауданы 4574,2 га болатын он екі тұрғын үй алабы анықталды, бұл 17543 жер учаскесін құрайды.

Мамыр айында «Шығыс  кентінің оң жақ алабы» және «Шығыс кентінің сол жақ алабы» бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмыстары басталды. Бекіту мерзімі: 2022 жылғы қараша айы деп күтілуде.

Құрылыс нысандарын орналастырудан басқа, қаланы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында оң жақ бұрылыстар жайластырылған көше-жол желілерін түзету, автомобиль жолдарының санаттарын өзгерту талап етіледі. Олардың себептерінің бірі көпір салу және көше-жол желілерінің жол айырықтарына қойылатын талаптар болып табылады.

«Бизнес нысандарының іргелес аумақтарын абаттандыру біздің тұрақты бақылауымызда болуы тиіс. Егер, мысалы, онда төселген тастар он жыл бұрын орнатылса және ескірген болса немесе жермен тең болса, онда оларды ауыстыру керек. Сондай-ақ, біздің қалаға кірудің негізгі жолдарына назар аударамын. Осындай трассалар бойындағы барлық ғимараттар мен нысандар тиісті түрде сыртқы келбетке ие болуы тиіс: қажет болған жағдайда оларды әктеу және сырлау бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу қажет»,- деп тапсырды Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.

https: dostoprimechatelnosti-m.ru

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar