USD447.4EUR477.55RUB4.76

Алакөлде пойыздың астынан өтіп жатқан туристер видеоға түсіп қалды

23 маусым 2022, 16:05
– Жалаңашкөл станциясынан түскен туристердің жүк пойызының астынан өтіп жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алакөлде пойыздың астынан өтіп жатқан туристер видеоға түсіп қалды

«Жалаңашкөл станциясында жүк пойызы техникалық тұраққа жеткізілген еді. Пойыз жолаушылары қауіпсіздік талаптарын орындап, теміржолдан тиісті ереже бойынша өтуі керек. Сондықтан вагондардың астынан немесе тіркемелердің үстіне өрмелеп шығып өтуге болмайды. Қауіпсіздік ережесін елемеудің салдары қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін», - делінген «Қазақстан темур жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жетісу облысындағы Үшарал әуежайында ұшып-қону жолағы кеңейтіліп, қайта жаңғыртылып жатыр. Алакөл әуежайы шілдеде іске қосылып, күніне 500 жолаушы қабылдайды. Сонымен қатар, Алматыдан Алакөлге қатынайтын Тальго пойыздарына билет сатыла бастады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar