USD424.44EUR504.91RUB5.81

"Қызыл аймақтан" шығар күн қайда?

25 қараша 2020, 12:00
Қазірдің өзінде COVID-19 жұқтырғандар саны айтарлықтай төмендеп келеді. Нақты айтқанда 356-дан 249-ға дейін.

    Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен ОКҚ брифингі аясында журналистердің сұрақтарына жауап берген аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

   Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өңір басшысына екі апталық мерзім ішінде, яғни қараша айының соңына дейін облысты "қызыл аймақтан" шығару туралы тапсырма берген болатын.

   Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жандандырылып, күніне екі рет облыс әкімінің тікелей басшылығымен штаб кеңесі өткізіліп, нақты тапсырмалар берілуде.

 - Жұмыс нәтижесін біздің төсек-орын қорының жүктемесіне қарап көруге болады, ол небәрі 17 пайызды құрайды. КТ-аппараттары тәулік бойы жұмыс істеуде, қосымша "Фапиравир" тиімді препаратын сатып алдық. Осы және басқа да көптеген шаралар қараша айының соңына дейін аймақтағы COVID-19 жағдайын тұрақтандыруға  мүмкіндік береді деген сенемдемін, - дейді облыс басшысы Даниал Ахметов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

14 сәуір 2021, 11:43
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2021
Әрленім және құрастыру
SemStar