USD443.85EUR474.3RUB4.8

Тұғылдың тұғыры нығайып келеді

13 қараша 2020, 12:14
Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылдық округінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында биыл ауылды көркейту, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында аудандық, республикалық бюджеттен ауқымды қаржы бөлінген болатын. Соны игеру үшін ірі жобалар қолға алынып, ретімен орындалу үстінде.
Тұғылдың тұғыры нығайып келеді

Атап айтсақ, 1960 жылы салынған Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебіне «Ауылым ел бесігі» бағдарламасы аясында облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының қолдауымен 261 млн. 528,907 мың қаражат бөлініп, толықтай күрделі жөндеуден өтті. 

Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында  «Зайсан құрылыс компаниясы» арқылы 83 млн. 600 мың теңгеге Желтоқсан, Алтынсарин, Уәлиханов көшелеріне асфальт төселді. Асфальт төсеу аяқталысымен аудандық бюджеттен 892 мың 857 теңге бөлініп, орталық көшелерге 50 дана әртүрлі жол жүру белгілері  орнатылды.

 «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Жасұлан» бала бақшасының шатыры, терезелері толық ауыстырылып, оған 13 млн. 186 мың теңге жұмсалды. Осы бағдарлама аясында Тұғыл орталық спорт алаңына (25 млн. 395 мың теңгеге) жасанды жамылғы төселсе, «Ауылым - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 83 млн. қаржыға Тұғыл мәдениет үйіне де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мемлекеттік-жергілікті өзін – өзі басқару қаржысынан 3 млн. 602 мың теңгеге ауылымыздың Абай көшесіне және 1 млн. теңгеге Байтоғас елді мекенінің бір көшесіне түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұғыл ауылының сыртқы жол жөндеуіне аудандық бюджеттен  4 млн. 758 мың теңге жұмсалса, ішкі жолдарға есептелген 2 млн. 766 мың 720 теңге толықтай игерілді деуге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar