USD447.4EUR477.55RUB4.76

«Жаңаауыл» жанданып келеді

13 қараша 2020, 11:39
Облыс орталығынан шалғайда орналасқан «Жаңаауыл» ауылдық округінің құрамына төрт елдімекен енген. Атап айтқанда, Жаңаауыл, Жаңаталап, Ахметбұлақ, Сарыөлең деп аталады. Орталығы – Жаңаауыл ауылы.
«Жаңаауыл» жанданып келеді

Қазіргі  уақытта  бұл аумақта 80  шаруа  қожалығы  тіршіліктерін дөңгелетіп, түтінін түзу ұшырып жатыр. Биыл ауылдық округ бойынша  100 млн. теңгеден аса несие алынған екен. Атап айтқанда, «Бұрымбет» шаруа қожалығы (жетекшісі Ә.Қайдаров) 60 млн. теңге  ауылдық жерде ірі қара мал басын асылдандыру үшін, «Қуаныш» шаруақожалығы (жетекшісі Н.Қайсанов) 20 млн. теңге қой малын өсіруге бел байласа, «Жігер» шаруақожалығы (жетекшісі Б.Құнафин) 10 млн. теңге ірі қара малын өсіруге, тағы да басқа азаматтар тәуекел еткені белгілі болып отыр.

Ауылдық  округ  көлемінде  3  орта, 1   негізгі  орта   мектепте  227 оқушыға  70  мұғалім білім  береді. Атап  айтқанда, Жаңаауыл  елдімекеніндегі  Қ.Ақынов  атындағы  орта  мектебінде  133  оқушы оқиды,  29 мұғалім  ұстаздық етуде.

Биылғы жылы  мектепке мемлекет тарапынан  15 млн. теңге қаржы бөлініп, мектептің есік, терезелері  айырбасталып,  акт зал мен спорт залдың  трубалары,  батареясымен жаңартылды.

Ал, Жаңаталап  орта  мектебінде  50  оқушы,  18  мұғалім  бар.        Ахметбұлақ  елдімекеніне  қарасты  Д.Қонаев  атындағы  мектебінде  23  оқушы, 13 мұғалім бар. 13 бала шағын  орталықта  тәрбиеленуде.

Биылғы жылы  мектепке 8 млн. теңге  бөлініп, мектептің жылу жүйесі жаңартылып, 29 жылу батареясы қосылды  және электр желілері жаңартылды. Мектептің қоршауы жаңартылып, мектепке таза су кіргізілді

Жаңаауыл  ауылы  орталығындағы  «Қарлығаш»  ясли-бақшасы  (меңгерушісі  - Л. Ағажанова)   жұмыс  істейді.  Онда 3 топта   60  бала  тәрбиеленіп,    жоғары  білімді  6  тәрбиеші,  3  тәрбиешінің  көмекшісі, әдіскер,  ән-күй  жетекшісі, психолог,  бір  ағылшын  пәнінің  мұғалімі тікелей  балалармен  жұмыс  жасайды.

 «Биылғы жылы  бала бақшаға 12 млн. теңге қаражат бөлініп, ғимараттың төбесінің шатыры  жаңартылып, 38 есік, 36 терезесі  айырбасталды»,- дейді жергілікті әкімдік өкілдері.

                                                                                                                                                                             С. Кәріпбаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar