USD443.85EUR474.3RUB4.8

ИГІ ІСТЕР БАСЫ ЖИДЕБАЙ ТӨРІНДЕ

22 мамыр 2023, 17:24
Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай Жидебайдағы Абай музей-үйі, хакім қарашаңырағында мадени-танымдық және спорттық іс-шаралар қатарын өткізді. Мәдениет ошағы "Таза Қазақстан" акциясы аясында қорық аймағына 30 түп көшет түрлерін отырғызып, Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі Дархан Амангелдіұлы музейдің төл мерекесіне орай шынар ағашының көшеттерін арнайы сыйға тартты. Ауыл әкімі музей ұжымын округ әкімшілігі атынан құттықтады.
ИГІ ІСТЕР БАСЫ ЖИДЕБАЙ ТӨРІНДЕ

Сонымен қатар, жалпыұлттық "Ардагерді ардақтайық" акциясы аясында музей саласының ардагері, зейнеткерлер Ерғали Икенов пен Әсет Күзембаевпен кездесу өтіп, музей қонақтарына Жидебай өңірінде таңбаланған тағылымға толы отты жылдар естелігімен бөлісті. Танымдық шара барысында Абай музей-үйінің меңгерушісі Нұржан Байтөс Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін гитара аспабымен сүйемелдеп, Жидебай қорығының меңгерушісі Айқын Ақболатов "Желсіз түнде жарық ай" әнін домбырада, жас экскурсавод Толғанай Томпақова "Қарлығаш" әнін шертер аспабында шебер орындады.

Шара соңында музей ұжымы гір тасын көтеруден сайыс өткізіп, жүлдегерлер "Әміре" шаруақожалығының жетекшісі Мұрат Үйсімбаевтың демеушілігімен арнайы сыйлықпен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar