USD448.15EUR483.46RUB4.86

Жаңа балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашты

07 наурыз 2023, 10:06
Абай облысы Көкпекті ауданында Биғаш негізгі мектебі жанынан 25 балаға арналған толық күнді бала-бақша ашылды
Жаңа балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашты
Бала-бақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, Биғаш ауылы тұрғындарын жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтап, бала-бақшаның ашылуына демеушілік жасаған бірқатар жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Ашылған бала-бақша әлеуметтік маңызға ие. Біріншіден, Биғаш ауылында 25 бала бала-бақшамен қамтамасыз етілді, екіншіден жаңа 6 жұмыс орны құрылды. Сонымен қоса, бұл әлеуметтік нысан тұрғындарды осы ауылда тұрақтандыруға септігін тигізетін болады.
Жалпы аудан бойынша алдағы уақытта 10-нан астам елді-мекендерде бала-бақшалар ашу жоспарлануда. Жоспар жүзеге асқан жағдайда 300-ден аса бүлдіршін бала-бақшамен қамтамасыз етіліп, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar