USD443.85EUR474.3RUB4.8

Абай облысының Курчатов қаласы алдағы жылдары қалай дамиды?

02 наурыз 2023, 09:51
Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунков 3,9 млн теңгеге кәріз тазарту қондырғыларына зерттеу жүргізілгенін айтты. Қала әкімі атап өткендей, кәріз тазарту станциясы 1968 жылы пайдалануға берілген.
Абай облысының Курчатов қаласы алдағы жылдары қалай дамиды?
– Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғыртудың қазақстандық орталығы» АҚ-на техникалық тапсырма құрастырылып, жіберілді, – деді қала әкімі.
Бұл ретте 78 көпқабатты тұрғын үй мен 44 заңды тұлға орталықтандырылған жылумен қамтуға қосылған. Қалада барлығы жалпы қуаттылығы 34,4 Гкал/сағ, қосылған қуаттылығы 23,1 Гкал/сағ құрайтын 4 жергілікті қазандық бар.
Қаланы абаттандыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
20 бейнебақылау камерасы, 3 балалар ойын алаңы, аула аумақтарына 15 жарықтандыру бағаналары орнатылды.
Жеңіс көшесінің бойындағы Халықтар достығы саябағы «Халықтың қатысу бюджеті» бағдарламасы бойынша жабдықталды.
2022 жылы Курчатов мектептері 19,1 млн теңгеге бейіндік кабинеттермен жабдықталды
Сонымен қатар мектептер мен балабақшалардың аумақтарын абаттандыру, құрал-жабдықтар сатып алу жалғасуда.
Қала әкімі атап өткендей, 2024 жылы жүкті әйелдер Курчатовтан Семейге бармайды. Қазіргі уақытта Курчатов қалалық ауруханасы тек шұғыл босану жағдайларын және ұрықтың дамуында паталогиясы жоқ әйелдерді ғана қабылдай алады.Қалған жағдайда жүкті әйелдер Семей қаласына баруға мәжбүр.
– Курчатов қаласының ауруханасы бірінші деңгейде. Бөлім екі кереуетпен жабдықталған. Аурухананың төртінші қабатына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтар алынғаннан кейін бұл мәселе 2024 жылы шешімін таппақ. Аурухананы екінші деңгейге көшіруді жоспарлап отырмыз. Сонда жүкті әйелдердің басым бөлігі Курчатовта босанатын болады, – деді Олег Чугунков
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar