USD449.58EUR486.94RUB4.86

Шағын және орта бизнестің дамуы

18 қаңтар 2023, 09:31
Кәсіпкерлер Абай облысы Көкпекті ауданындағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы айтты.
Шағын және орта бизнестің дамуы

Шағын және орта бизнестің дамуы кез-келген елдің экономикасының негізі болып табылады. Шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау қашан да мемлекет саясатының басым бағыты болған.

 

Көкпекті ауданында 2023 жылдың басында 1349 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мақсат Сүйсінов атап өткендей, 2022 жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 74 жоба қаржыландырылды.

«Кең-Дала» бағдарламасы аясында 23 жоба;

«Іскер» бағдарламасы аясында 6 жоба;

«Агробизнес» бағдарламасы аясында 37 жоба;

«Бизнестің жол картасы - 2025» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 жоба қаржыландырылды.

2022 жылы Көкпекті ауданында 6 жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылды. Оның ішінде: 3 азық-түлік дүкені, 2 фастфуд және 1 техникалық қызмет көрсету станциясы.

Көкпекті аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Данияр Айдаровтың айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызды бөлігі «Еңбек» бағдарламасы бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік грант арқылы жүзеге асырылды.

- 2022 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 21 қатысушыға сомасы 25 миллион теңгеден астам грант берілді. Оның ішінде: аз қамтылған отбасы – 2, көп балалы отбасы – 3, мүгедектер – 3, жастар – 10, көшіп келгендер – 1 және мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасыларға 2 жәрдемақы, – деді Данияр Айдаров.

Жеке кәсіпкер Елена Санина «Еңбек» бағдарламасы бойынша алған грантқа Преображенка ауылында суши-бар ашқанын айтты.

- Бөлінген қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Қазіргі таңда фаст-фуд және кондитер өнімдерін шығарумен айналысамын. Күн сайын облыстың барлық елді мекендерінен 10-15-ке жуық тапсырыс түседі. Жеткізу қызметі де бар, - дейді кәсіпкер.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar