USD448.81EUR476.82RUB4.77

Сайлау-2022

21 қараша 2022, 12:24
Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Абай облысының тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуі 78,88% құрады.
Сайлау-2022

Түстен кейін кезектен тыс президенттік сайлауда Көкпекті ауданының бойы ең ұзын тұрғыны дауыс берді. Вячеслав Вишняковтың бойы 2 метр 20 сантиметр.

         

Сондай-ақ, облысымыздың қариялары, оның ішінде Үржар ауданының тұрғыны100 жастағы кейуана Қайныш Бейсембина және Семей қаласының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Асқар Рахымбаев өз таңдауларын жасады.

 

«Мен сайлауға бірінші жыл қатысып отырған жоқпын. Бұл бүкіл ел үшін өте маңызды қадам. Бүгін біз тарихтың барысына әсер ететін таңдау жасаймыз», - дейді ардагер.

Ал Семейдегі 44 мектептегі сайлау учаскесінде балалар бұрышы ұйымдастырылды.

«Біз өз сайлау учаскемізде балалар бұрышын ұйымдастырдық. Себебі, ата-аналар дауыс беріп жатқанда, балалар ойыншықтармен ойнап, бақылауда болады. Осылайша, балалар ата-аналардың дауыс беруіне кедергі жасамайды. Сайлауда балалар ата-аналардың мазасын алған кездер болды. Осы себепті бізге балаларға арналған жеке ойын алаңын құру идеясы келді», - дейді сайлау учаскесінің төрағасы Оразбай Жұмағалиев.

Сонымен қатар, Абай ауданының №295 сайлау учаскесінің алдында гір тасын көтеруден сайыс өткізілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar