USD444.22EUR476.38RUB4.82

Полицейлер студенттермен есірткі қылмысының алдын алу бойынша семинарлар өткізді

23 қыркүйек 2022, 16:13
Өскеменде студенттермен есірткіге қарсы семинарлар өткізілді.
Полицейлер студенттермен есірткі қылмысының алдын алу бойынша семинарлар өткізді

Өскемен қаласының жастарында есірткіге және нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында полицейлер алдын алу іс-шараларын жүргізуде.

Өскемен қаласының полиция басқармасының Тергеу бөлімінің қызметкерлері "Қазақстан-Америка Еркін университетінің" студенттеріне семинар өткізді.

Іс-шараға "құқықтану", "құқық және кеден қызметі", "құқық және құқық қорғау қызметі", "халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары қатысты.

Кездесу барысында түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік және есірткі заттарын пайдаланудан жастардың денсаулығы үшін жағымсыз салдарлар мәселелері қаралды.

Семинар соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға білікті жауаптар алды. Өскемен қаласының полицейлері осындай алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді.

Өскемен қаласының полиция басқармасы есірткі мен психотроптық заттарды қолдану денсаулыққа орны толмас зиян келтіретінін, ал оларды заңсыз өндіру , сақтау және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертетінін атап өткіміз келеді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары есірткі заттарын дайындау және өткізу орындары туралы, сондай-ақ оларды таратумен айналысатын адамдар туралы ақпаратты "102"телефоны арқылы хабарлауға болатынын еске салады.

Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar