USD448.15EUR483.46RUB4.86

Шығыс Қазақстанда 42 гектарға жайылған алапат өрт ауыздықталды

08 тамыз 2022, 19:29
– Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында ірі дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шығыс Қазақстанда 42 гектарға жайылған алапат өрт ауыздықталды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 тамыз күні Самар ауданында шөп өртенген. Жалпы ауданы 42 гектарға жеткен қызыл жалынмен күрес 3 күнге созылды.

«Бүгін сағат 13.45 шамасында өрт ауыздықталды. Тілсіз жауды сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің, Красногор және Қайынды орманшылықтарының, Сарыбел тірек пунктінің күш-құралдары жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт орман қоры мен елді мекендерге жетпеді. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілердің ірі дала өртімен күресіп жатқанын хабарлаған едік.



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar